Инженерлік жайластыру және көлік. 2 бөлікте. 1 бөлім

Авторы: Батырова Д.Ж.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Құралда қалаларды инженерлік жайластыру, қала құрылысының жүйесі, аумақтарды кешенді бағалау, жер бедерін жобалау, беттік суларды ағызуды ұйымдастыру, сондай-ақ қалалық аумақтарды инженерлік жайластырудың ерекше жағдайлары сияқты тақырыптар қарастырылады. Оқу құралында қала құрылысының негізгі принциптері, инженерлік дайындау мен жетілдірудің айырмашылықтары, қалалық инфрақұрылымды жобалау әдістері және қалалық аумақтардың экологиялық талаптарына сәйкес жоспарлау мәселелері кеңінен талқыланады. Студенттерге қалалық аумақтарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар үшін ыңғайлы жағдайлар жасау бойынша біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Бұл оқу құралы «Инженерлік жайластыру және көлік» пәніне арналған «Сәулет» білім беру бағдарламалары студенттеріне ұсынылады.