Сталинградтан Днепрге дейін: Қазақстандық жауынгерлердің ерлік іздері

Авторы: Ерімбетова Қ.М.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Бұл кітапта Ресейдің Поныри биігінде есімі мәңгіге сақталған 23 жасар Амантай Дәулетбековтың қалдырған өшпес ерлігі мұрағат құжаттары негізінде зерделенген. Оған қоса аталмыш еңбекте Сталинградтан Днепрге жеткен қазақстандық жауынгерлер тізімі, Кеңес одағының батырларының майдандағы ерлік іздері ғылыми айналымға алғаш енгізіліп, олардың ерлік жолы тың деректермен толықтырылған. 1942 жылы елді-мекендерді қарсыластардан азат етуге қатысқан қазақстандықтар, Ржев шайқасындағы қазақ дербес атқыштар бригадасы тарихына қатысты мәліметтер де қосымша берілді. Кітап тарихшыларға, магистранттар мен мен докторанттарға және соғыс тарихына қызығушылық танытатын оқырманға арналған.