Киімдегі коллекциялық бұйымдардың дизайны

Авторы: Ергешова С.Р.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Профобразование

Оқу құралы коллекциялық бұйымдарды жобалау бойынша зерттеу жұмыстарын және оның негізгі кезеңдерін талдауды қамтиды: киім нарығын зерттеу, тұтынушыны анықтау, жобаны әзірлеу, материалдарды таңдау, трендтерді талдау және т.б. Дизайн принциптеріне және mood board құруға ерекше назар аударылады. Бұл басылымда бай иллюстрациялық материал бар. Оқу құралы сонымен қатар автордың жетекшілігімен дайындалған студенттер топтамаларын және автордың жеке коллекциясын жобалау кезеңдерін қарастырады. «Киiм дизайны» пәнін оқитын «Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн» білім беру саласының ТжКБ студенттеріне ұсынылады.