Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару теориясы
Авторы: Әбілдаева А.С.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Оқу құралы ұшқышсыз басқару аппараттары (ҰБА) түрін талдауға арналған, және ұшқышсыз басқарудың орнықтылығын арттыру жүйелеріне көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта әуе кемелерінің динамикасын үлгілеу, автоұшқыштар жұмысын дамыту «төмен деңгейлі» мәселелерді шешу, ұшқышсыз ұшу аппараттарының жағдайын, күйін бақылау, бағалау және ұшу траекториясына «жоғары деңгейдегі тапсырмалар» қарастыратын мемлекеттік тілде басқа басылымдар саны аз. Заманауи дрондар кішірек өлшемдерімен, салмағымен және айтарлықтай төмен бағалы құнымен пайда болды. Демек, азаматтық ұшқышсыз жүйелерді дамытудағы ілгерілеу өте жоғары қарқынмен жүріп жатыр және жаңа қызмет көрсету саласы қалыптасты. Осы себептен де бұл оқу құралында ұшқышсыз ұшатын аппараттар тобын басқару жүйесін құру нұсқасы қарастырылады. Құрылғылар тобын пайдаланудың жеке құрылғыларға қарағанда артықшылықтарын анықтап келіп бірнеше құрылғыларды басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидасы зерттеледі. «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару теориясы» оқу құралы «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару» білім беру бағдарламасында, оқитын студенттерге, магистранттарға және осы салада жұмыс жасайтын мамандарға арналған.