Графит және күріш қауызы негізіндегі кеуекті-көміртекті сорбенттерді алу технологиялары
Авторы: Нысанбаева Г.Р.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Монография термиялық өңдеу арқылы кеуекті көміртекті материалдарды алу технологиясын жасау және су бетіне төгілген мұнайды жою үшін сорбент ретінде, олардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеуге және алынған материалдарды сынауға арналған. Алынған кеуекті көміртекті материалдардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу нәтижелері сипатталған. Су бетіндегі мұнайды жою үшін графит пен күріш қауызы негізінде кеуекті көміртекті материалдарды алу технологиясы әзірленді және сынақтан өтті. Монография нанотехнологиялар, материалтану және жаңа материалдар технологиясы салаларында мамандандырылатын жоғары курс студенттері, магистранттар мен докторанттарға арналған.