Мәдени-тынығу қызметінің теориясы
Авторы: Шулунова Л.И., Уалиханова А.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Бұл оқу құралы «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасы студенттері үшін оқу бағдарламасына сәйкес «Мәдени-тынығу қызметінің тарихы мен теориясы» пәнінің «Мәдени-тынығу қызметінің теориясы» бөлімін қамтиды. Оқу құралында мәдени-тынығу қызметі теориясының негізгі мәселелері, бос уақыт, тынығу, мәдени-тынығу қызметі, құндылықтар немесе тынығудың деңгейлері сияқты ұғымдар анықталады; мәдени-тынығу қызметінің қағидалары мен атқаратын қызметтері, жастардың бос уақытын ұйымдастыру ерекшеліктері, тынығуды ұйымдастырудың әлеуметтік институттары, мәдени-тынығу мекемелеріндегі тәрбие үрдісі сияқты мәселелер қарастырылады. Оқу құралы «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасы студенттеріне арналған.