Мемлекеттің инвестициялық стратегиясы

Авторы: Өмірзақов К.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы, бір жағынан, экономикалық реформалардың айтарлықтай оңды қадамдары жасалғанымен, ал екіншіден, трансформация нәтижесінде туындайтын мәселелерді шешу барлық ішкі ресурстардың ғана емес, сондай-ақ экономикаға инвестициялаудың сыртқы көздерінің шоғырлануын талап етуімен сипатталады. Мемлекеттік инвестициялауды қалыптастырудың негізіне экономика мен аймақтардың жекелеген салаларын дамытудың бағдарламалары мен стратегиялық жоспарлары қалануы керек. Сондықтан мемлекеттің инвестициялық стратегиясы негізделуінің барлық кешені экономиканың орталық және жергілікті басқару органдарының көкейінде болуы керек. «Мемлекеттің инвестициялық стартегиясы» пәнінің әдістемесі оны оқытудың ерекшеліктері және мақсаттарымен анықталады. Осыған байланысты оқу процесінде есептер, кейс-әдіс, тестілер, іскерлік ойындар, интерактивті дәрістер сияқты оқыту әдістерін қолданған жөн. Оқу құралы «Мемлекеттік және жергілікт ібасқару» және «Экономика» мамандықтары бойынша оқитын және «Мемлекеттің инвестициялық стратегиясы» пәнін оқитын студенттерге ұсынылады.