Әлем халықтарының этнологиясы
Авторы: Рахимов Е.К.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Соңғы он жылдың ішінде этнологияға қатысты жүргізілген ірі зерттеулер ғылыми айналымға көптеген жаңа фактілік деректерді, сондай-ақ теориялық тұжырымдар мен қорытындыларды қосып отыр. Әсіресе бұл этнос теориясы мен этникалық үдерістерге қатысты. Оқу құралында этнологияның объектісіне, зерттейтін мәселелеріне және міндеттеріне, сондай-ақ адамзаттың этникалық тарихының басты-басты кезеңдеріне, күні бүгін дамып жатқан этникалық үдерістерге қоса, сипаттама беретін арнаулы тараулар бар; әлем халықтарына антропологиялық, мәдени-шаруашылық және басқа белгілер бойынша жаңа, осы заманғы классификация (топтастыру) жасалды; халықтардың шығу тегінің тарихы, шаруашылықтардың, әлеуметтік құрылымдардың, отбасы мен отбасылық қатынастардың, материалдық және рухани мәдениетінің динамикасы көрсетілді. Оқу құралы тарих, этнология және этнография бағытында оқитын студенттерге, магистранттарға арналады.