Ақпараттық дискурстағы «денсаулық» концептісі

Авторы: Алтай А.А.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Бұл монографияда «денсаулық» концептісі когнитивті лингвистика тұрғысынан зерттелді. Автор ақпараттық дискурстағы тілдік құралдардың қызметін, медиамәтіндегі концептуалдық құрылымдарды, метафоралар мен прагматикалық аспектілерді ғылыми тұрғыда талдап, «денсаулық» концептісінің ұлттық-мәдени, әлеуметтік және тілдік сипатын жан-жақты сипаттайды. Зерттеуде медиамәтіндерге кешенді талдау жүргізіліп, концептілердің танымдық деңгейде қалыптасатыны нақты мысалдар арқылы көрсетіледі. Атқарылған жұмыстар концептілер арқылы тілде орын алған күрделі өзгерістерді айқындап отыр. Бұл еңбек тілдік сананың жұмыс істеу механизмдерін, концепт түзілімін және дискурс ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Монография жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистрант-тары мен докторанттарына, сондай-ақ тіл білімінің когнитивтік, дискурстық және жаңа бағыттарында зерттеу жүргізетін мамандарына арналған.