Вестернизация және қазақ мәдени феномені
Авторы: Әлікенова К.Н.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Философия ғылымдарының кандидаты, доцент К.Н. Әлікенованың монографиясында қазіргі кездегі қазақ мәдениетінің даму үрдісінде белең алып келе жатқан ғылыми және практикалық мәселенің бірі батыстандыру (вестернизация) мол көрініс табуда. Бұның ерекшеліктері мен басым бағыттары мәдениет философиясында кеңінен байқалады. Осы мәселенің мән-жайын, негізгі мазмұнын, даму бағыттарын және қазіргі ұлттық мәдениеттің өрістерін дәл мағынада көрсету осы аталған монографияның негізгі мақсаты екені жақсы баяндалған. Қазақ мәдениетінің өткендегі тарихымен қазіргі кезеңдегі сабақтастығы ғылыми жоғары деңгейде пайымдалған. Көптеген мысалдармен және қазіргі тәжірибелік ойлармен көркемделген баяндаулар кітаптың ой-өрістерін кеңейте түскен.