Өнеркәсіптік санитария және токсикология
Авторы: Канбетов А.Ш., Куанышева Г.А., Жақсиева Г.Р.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Профобразование
Оқу құралда өнеркәсіпте кәсіпорындарға қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар, зиянды заттар және олардың шекті рұқсат етілген концентрациялары, зиянды заттардан қорғау және микроклимат нормаларын қамтамасыз ету шараларының жүйесі, жеке қорғаныс құралдары, ауаны талдау құралдары, өндірістік ортаның микроклиматын гигиеналық бағалау әдістері мазмұндалған. Басылым сонымен қатар санитарлық талаптарды, өндірістік ортаның микроклиматын гигиеналық бағалау әдістерін қамтиды, оңтайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар ұсынылған. «Өнеркәсіптік санитария және токсикология» пәнін оқитын «Қоршаған орта және жабайы табиғат», «Өндірістегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік» білім беру салаларының ТжКБ студенттеріне ұсынылды.