Ұн тарту-жарма өндірісінің технологиясы
Авторы: Аубакирова Г.Е., Бекмухамбетова Ж.К.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Профобразование
«Ұн тарту-жарма өндірісінің технологиясы» пәні дәнді дақылдарды өңдеу арқылы ұн және жарма өнімдерін алу үдерістерінің теориялық негіздері мен практикалық тәсілдерін оқытады. Пәннің мақсаты — студенттерге астықты алғашқы өңдеуден бастап дайын өнімге дейінгі технологиялық сатылармен таныстыру, заманауи ұн тарту және жарма өндіру жабдықтарының жұмыс принциптерін меңгерту. Оқу барысында шикізаттың сапалық көрсеткіштері, өндіріс барысында жүретін физика-химиялық өзгерістер, сондай-ақ дайын өнімнің сапасын бағалау әдістері қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер ұн және жарма өндірісінің тиімді технологиялық сызбаларын құра білуге және өндірістік процестерді оңтайландыруға үйренеді. «Ұн тарту-жарма өндірісінің технологиясы» пәнін оқитын «Азық-түлік өндірісі» білім беру саласының ТжКБ студенттеріне ұсынылды.