Инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру және жетілдіру әдістемесі
Авторы: Жанысбаева Р.М., Шалтаева Р.Ж.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Құралда инклюзивті білім беру ортасын құру мен оны жетілдірудің теориялық негіздері, халықаралық тәжірибе, педагогикалық тәсілдер, ата-аналар мен қоғамның рөлі, сондай-ақ тәрбиелік және қолдаушы жұмыс түрлері жүйелі түрде қарастырылған. Студенттерге арналған тапсырмалар, бақылау сұрақтары, кестелер мен әдістемелік материалдар арқылы білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Оқу құралы білім беру бағдарламалары бойынша «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі», «Педагогика және психология», «Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын студенттерге арналған.