Киім дизайнындағы материалтану негіздері

Авторы: Джанпаизова В.М.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Бұл оқулыкта талшықтар, жіптер, маталар мен трикотаж материалдары туралы негізгі мәліметтер қамтылған. Олардың құрылымы, қасиеттері, жіктелуі және киім өндірісіндегі қолдану салалары жан-жақты қарастырылған. Маталар ассортиментін талдау, коллекция мақсаттарына сәйкес материалдарды таңдау, тұрақты дизайн және цифрлық технологиялар мәселелеріне ерекше назар аударылған. Курс мазмұны қазіргі заманғы тоқыма өнеркәсібінің трендтерін көрсетеді: экологиялық және инновациялық материалдардан бастап маталарды цифрлық модельдеуге дейін. Оқулықтың құрылымы теориялық бөлімдерден, визуалды кестелерден, иллюстрациялардан, сызбалардан, практикалық жаттығулар мен жобалық тапсырмалардан тұрады, бұл студенттердің оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырады. Оқулық «Киім дизайнындағы материалтану негіздері» пәнін «Дизайн», «Сән индустриясы», «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және жобалануы» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған.