Эссе жазу

Авторы: Дүсіпбаева Қ.С.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Оқу құралында эссе жанрлары, құрылымы, тезис, дәлел, талдау мен қорытынды жазудың ерекшеліктері қарастырылады. Студенттердің академиялық сауаттылығын дамыту мақсатында плагиатты болдырмау жолдары, перифраз жасау техникасы және сілтеме беру ережелері түсіндірілген. Сонымен қатар, жазу дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар мен үлгі эсселер берілген. Оқу құралының басты мақсаты — студенттерді академиялық талаптарға сай сауатты, жүйелі және дәлелді эссе жазуға үйрету. «Академиялық жазу», «Академиялық жазу негіздері», «Кәсіби қазақ тілі», «Академиялық жазылым» пәндерін оқитын білім берудің барлық салаларындағы жоғары білім беру студенттеріне ұсынылды.