Болашақ педагог-психологтердің креативтілігін қалыптастыруда медиатехнологияларды пайдаланудың ғылыми негіздерінің ерекшеліктері

Авторы: Кошанова М.Т.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

«Болашақ педагог-психологтердің креативтілігін қалыптастыруда медиатехноло-гияларды пайдаланудың ғылыми негіздерінің ерекшеліктері» монографиясы ЖОО те-ориялық білімді практикада медиатехнологияларды тиімді пайдалану арқылы оқу-танымдық қызметін және олардың тұлғааралық қарым-қатынасы арқылы болашақ маманның медиамәдениетін оңтайландыруға бағытталған. Монография цифрлық трансформация процестерін іске асыратын ЖОО үшін олармен ынтымақтасатын білім беру ұйымдары мен ғылыми және практикалық мәні бар колледждердің оқытушыларына, психологиялық-педагогикалық мамандықтардың магистранттары мен докторанттарына, психологиялық-педагогикалық саланың ғылы-ми қызметкерлеріне арналған, сондай-ақ кәсіптік өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетіл-діру саласындағы негізгі құзыреттерді дамыту мақсатында қосымша білім беру меке-мелері мен біліктілікті арттыру институттары үшін қызығушылық тудыруы мүмкін.