Дәстүрлер мен технологияларда заманауи дизайндағы былғары және зергерлік бұйымдарды жасау

Авторы: Құлжабаев Е.У., Құдабаева К.И., Аденова Л.Ж., Атамкулов Б.А.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Оқу құралы дәстүрлер мен технологияларда заманауи дизайндағы былғары және зергерлік бұйымдарды жасауды тері өңдеу шеберлігіне, одан бұйымдар жасауға, оның ішіндегі өрім өнерін ұлттық нақышта игеруге бағытталған. Сонымен қатар қосымшада зергерлік бұйымдардың авторларының жұмыстары ұсынылып отыр. Дегенмен, дәстүрлер мен технологияларда заманауи дизайндағы былғары және зергерлік бұйымдарды жасаудың бүгінгі талапқа сай бағыттары қозғалған. Демек студенттер мен оқушылар және білімгерлер теріні өңдеуден мағлұмат ала отырып, үш өрімнен бастап таспа өрімдердің күрделі түрлерін арнаулы сызбалардың көмегімен еркін игеріп кетуіне барынша мүмкіндік жасалынған. Оқушылар өрімнің сызбасы арқылы қамшы, айыл, тартпа, жүген, құйысқан, өмілдірік және т.б. бұйымдарды өріп дайындай алады. Оқу құралы «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» білім беру бағдарламасының «Сәндік-қолданбалы өнер (бейне бойынша)», «Сәндік-қолданбалы өнер суретшісі» пәндерін және «Сәндік-қолданбалы өнер» мамандығын оқитын студенттерге арналған.