Мал азықтандыру және азық дайындау технологиясы
Авторы: Әбдіхалықова Б.К.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
«Мал азықтандыру және азық дайындау технологиясы» оқулығында Республиканың оқу бағдарламасына сәйкес азықтардың қоректілігі, олардың жіктелуі мен дайындалу технологиясы, сондай-ақ әр түлік малды өнімділігіне, физиологиялық жағдайына, жынысына және қоңдылығына қарай нормалап азықтандыру мәселелері қамтылған. Оқулық жоғары оқу орындарында «Зоотехния» және «Ветеринария» мамандығы бойынша оқитын студенттерге, сондай-ақ мал шаруашылығымен айналысып жүрген кәсіпкерлерге арналған.