Мұнай кәсіпшілігінің жабдықтары. 2-бөлімнен тұрады. 1-бөлім

Авторы: Әділбеков М.Ә., Әбдікәрімов С.Ә., Калиев Б.З.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Оқу құралы жоғары оқу орындарына арналған. Оқу құралында мұнай және газды өндіру кезінде қолданылатын жабдықтардың құрылымдары мен параметрлері келтірілген. Оқу құралында мынадай бөлімдер орын алған: жалпы өндіру жұмыстарына арналған жабдықтар; ашық фонтандау және газлифтпен өндіру жабдықтары; штангасыз және штангалы сорап қондырғыларының түсініктемелері; ұңғымаларды жөндеу және мұнай-газ өндіруді қарқындатуға бағытталған қабатқа әсер ету жабдықтары, сонымен бірге өндірілген мұнай-газ өнімдерін жинақтау және тасымалдау жүйелерінің жабдықтарының сипаттамалары келтірілген. «Мұнай кәсіпшілігінің жабдықтары» пәнін оқитын жоғары білім беру студенттеріне ұсынылады. Оқу құралы Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ өндіру саласымен шұғылданатын мамандар мен колледж және жоғары оқу орындарының мұнайшы мамандықтарын қалаған студенттерге арналған. «Мұнай кәсіпшілігінің жабдықтары» пәні «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» және «Мұнай газ ісі» мамандықтары бойынша бакалаврды дайындағанда негізгі пәндердің бірі болып саналады.