Сілтілік-жер элементтері-лантаноидтар-висмут-оттек жүйесіндегі қосылыстардың физика-химиялық қасиеттері және медицинадағы рөлі
Авторы: Калдыбаева А.К.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Бұл монография бейорганикалық химия мен биомедицина түйісінде орындалған кешенді зерттеу жұмысы болып табылады. Ол медициналық мақсаттағы жаңа материалдар мен технологияларды дамытуға бағытталған іргелі және қолданбалы ізденістерге сенімді ғылыми негіз береді. Бейорганикалық және органикалық қосылыстардың медициналық қолдану бағыттары, атап айтқанда, диагностикалық, терапевтикалық және регенеративті медицинадағы маңызы ғылыми деректер мен заманауи зерттеулер негізінде талданады. Монография зерттеушілерге, фармацевттерге, химия мен медицина саласына қызығушылық танытатын барша оқырмандарға, фармацевтикалық өндіріс технологиясының студенттеріне, магистранттарға және докторанттарға арналған.