Байкал тараны: шығу тегі мен таралуынан бастап Солтүстік Қазақстанда дақылдар қатарына енгізу

Авторы: Малицкая Н.В., Костиков И.Ф., Аширбеков М.Ж.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Қарақұмық тұқымдасының аз таралған жемшөп дақылы туралы танымдық материалмен — Aconogonum divaricatum L. Nakai ex T. Mori (байкал тараны) аталған монография барлық оқырмандарға танысуды ұсынады. Монография көптеген мәселелерді қарастырады, олардың негізгілері: ботаникалық сипаттамасы, шығу тегі мен таралуы, түрдің даму тарихы және өсімдіктің мәдени дақылға ауысуы. Дақылдың биологиялық ерекшеліктері, перспективалы сорттың параметрлерін негіздеу, шикізат конвейері жүйесінде, аралас агрофитоценоздарда жем-шөп өсіру сияқты экономикалық маңыздылығын (азық-түлік, сәндік, топырақ) егжей-тегжейлі көрсетеді. Сондай-ақ, дақылды тұқым шаруашылығына өсіру және сәндік өсірудің технологиялық ерекшеліктері туралы тараулар бар. Монография студенттерге, агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы және жемшөп өндірісі мен шалғындық жайылым бағытындағы білім беру бағдарламаларының магистранттарына, докторанттарға және ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарының оқытушыларына қызықты болады. Байкал тараны дақылы ауыл шаруашылығы саласының ғылыми қызметкерлеріне ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне мал азықтық жем-шөп өнімдерін өндіруде кең мүмкіндіктер ашады.