Инженерлік жайластыру және көлік. 2 бөлікте. 2 бөлім
Авторы: Батырова Д.Ж.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Бұл оқу құралы «Инженерлік жайластыру және көлік» пәнінен «Сәулет» және «Қала құрылысы» мамандықтарының студенттеріне арналған. Онда қалалық аумақтарды инженерлік тұрғыдан жайластырудың негізгі принциптерін, жолдар мен көшелерді жобалау ерекшеліктерін, жерасты инженерлік желілердің орналасу ережелерін, көгалдандыру мен санитарлық жабдықтау шараларын қарастырады. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымын ұйымдастырудың ғылыми-тәжірибелік негіздері — қалаішілік жолаушылар тасымалының түрлері, көлік тораптарының жіктелуі, қиылыстар мен айрықтар жүйесі, жаяу жүргіншілер аймақтары мен қоғамдық кеңістіктерді жобалау мәселелері қамтылған. Оқу құралы студенттердің инженерлік-инфрақұрылымдық шешімдерді кешенді бағалау дағдыларын дамытуға, қала құрылысы саласындағы жобалық және зерттеу жұмыстарын орындауға көмектеседі. Материалдар сәулетшілерге, құрылысшыларға, жол-құрылыс мамандарына және урбанистика саласындағы мамандарға пайдалы көмекші құрал бола алады.