Жоғары математикадан дәрістер жинағы. 2 бөлікте. 2-бөлім

Авторы: Тілепиев М.Ш., Серімбетов М.Ә., Дюсембаева Л.Қ.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Дәрістер жинағында көп айнымалылы функция, көп айнымалылы функциялардың жоғары ретті дербес туындылары мен дифференциалдары, бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер, олардың түрлері, шешімдерін табу жолдары, екі және үш еселі интегралдар, сан және функционалдық қатарлар, Тейлор және Маклорен қатарлары, ықтималдықтар теориясы, кездейсоқ оқиға, қайталанатын тәжірибелер, кездейсоқ шамалар, олардың түрлері, сандық сипаттамалары қарастырылған. Бағдарламадағы математикаға бөлінген уақыттың аздығына байланысты көптеген тұжырымдар дәлелдеусіз беріліп, бірақ оларды қолданатын техникалық маңызы бар мысалдар келтірілген. Математикадан дәрістер жинағының 2-ші бөлімі жоғары оқу орнындағы техникалық мамандықтарда оқитын студенттер үшін «Математика» пәнінің бағдарламасына сәйкес жазылған.