Жәндік атауларының этномәдени ерекшеліктері
Авторы: Аққожина Б.Қ.
Издательство: Полилингва баспасы
Жәндік атаулары негізінен биологиялық, зоологиялық оқулықтарда, ғылыми еңбектерде және ішінара түсіндірме сөздіктер мен орфографиялық сөздіктерде, терминдер сөздігінде жиі кездеседі. Бірақ бұндай атауларды тілдік тұрғыдан талдаған еңбек жоқтың қасы. Сондықтан да автор бұл кітапта жәндік атауларының қалай жасалғандығы, мән-мағыналары, халықтың сол бір тіршілік иелері туралы таным-түсінігі мен психологиялық көзқарасын анықтап, халықтың соларға берген сипаттамасын, теңеуін, өзге дүниені танытуда салыстыра қолдануын, адамның мінез-құлқы мен қимыл-қозғалысын әсірелеп танытуда әлгі жәндік атауларын тілге тиек етуін айқындай отырып сыр шертеді. Монографияны жоғарғы оқу орындарында лексикология, терминология, лингвомәдениеттану пәнінен дәріс беруге, семинар сабақтарын өткізуде және әртүрлі сөздіктер жасауға пайдалануға болады.