Жоғары шеттілдік білім берудің стратегиялық бағдарлары
Авторы: Құнанбаева С.С.
Издательство: Полилингва баспасы
Монография Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі жоғары кәсіби білім берудің өзекті мәселелеріне арналған. Еңбекте заманауи жаңғыртылған жүйелерді талдау, сыни тұрғыдан пайымдау негізі және заманауи талаптарға сай жоғары кәсіби білім берудің жаңартылған моделі, салалық білім берудің әдіснамалық тұрғыдан негізделген жаңаша платформасы, жоғары кәсіби шеттілдік білім берудегі өзгерістердің бағдарлар жүйесі ұсынылады. Сонымен қатар бағдарлар жүйесінің тұжырымдамалық-әдіснамалық негіздеріне, заманауи кәсіби шеттілдік білім беру платформасына, жан-жақты білікті, заманауи салаларға сай мамандар моделін қалыптастыруға әсер ететін жоғары кәсіби білім беруді жаңашаландырудың тиімді векторы ретінде жаңартылған негізгі құрылымдарына, шеттілдік кәсіби білім берудің мазмұнын модельдеуге, мәдениетаралық-коммуникативті біліктіліктердің құрылымдық-функционалдық модельдеріне, технологияларына және олардың бағдарламаларын құруға негізделеді.