Өсімдіктердің стресс биохимиясы
Авторы: Әліқұлов З.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Оқулықта қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларының (топрыақтың тұздануы, құрғақшылық, шектен тыс температура ж.т.б.) бір орында қозғалмай өмір сүретін өсімдіктердегі тотығу стресін, яғни, оттегінің белсенді формаларының шектен тыс түзілуіне әкелетіні және олардың жасушадағы маңызды биологиялық макромолекулаларды тотықтырып, оларды функциясын айыратыны туралы толық мәліметтер беріледі. Өсімдіктердің тотығу стресіне қарсы тұруындағы антиоксиданттық жүйенің, оның жоғары және кіші молекулалы компоненттерінің, сонымен қатар, олардың жаңа түрлерінің ролі туралы толық айтылады. Оқулықта бұрын белгісіз болған өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға төзімділігінің жаңа тәсілдері туралы айтылады. Оқулық өсімдіктердің, әсіресе, ауылшаруашылық дақылдарының қолайсыз жағдайларға төзімділігін көтерудің ғылыми негіздерімен таныстырады. Оқулық «Биохимия» оқу бағдарламасын зерделеудің оқу жоспарында көзделген биологиялық және ауыл шаруашылығы мамандықтарының студенттеріне, сондай-ақ жоғары оқу орындарының магистранттары мен оқытушыларына арналған.