Педагогикалық профессиология
Авторы: Жұмабекова Ф.Н., Абылайхан С.М.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Оқулықта тәрбиеші мамандығын, қызметтің маңыздылығын ашып көрсету, педагогикалық іс-әрекет түрлерімен таныстыру, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім берудің қазіргі кездегі жаңаша бағыттағы педагогиканың мәселелері мен даму тенденциялары туралы студенттерде жаңа түсініктерді қалыптастыру көзделген. Болашақ тәрбиеші педагогтерде қалыптастырылатын ғылыми-теориялық білім негіздері және оны тәжірибеде ұштастырудың жолдары қарастырылған. «Педагогикалық профессиология» пәнін оқитын «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша жоғары білім беру студенттеріне ұсынылады. Сондай-ақ, педагогика институттарының, университеттердің мектепке дейінгі тәрбие факультеттерінің студенттері, магистрлары, докторанттары мен оқытушыларына, мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлеріне және ата-аналар қауымына арналады.