Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жағдайындағы балалардың тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі мейіргерлік күтім
Авторы: Байтуганова А.Н., Жаксылыкова Г.А., Құтыбаева Б.С., Салтабаева У.Ш.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Осы оқу құралы балалардағы тыныс алу жүйесі аурулары саласындағы заманауи ғылыми зерттеулер мен клиникалық ұсынымдар негізінде әзірленген және «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының бакалавриат білім алушыларына арналған қосымша оқу әдебиеті ретінде ұсынылады. Оқу құралында балалар жасындағы тыныс алу жүйесінің ең жиі кездесетін ауруларының этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностикасы және емдеудің негізгі қағидалары жөніндегі негізгі мәліметтер баяндалған. Баланың жағдайын бағалауда, мейіргерлік күтімді ұйымдастыруда, асқынулардың алдын алуда және ата-аналарды оқытуда медициналық мейіргердің рөліне ерекше назар аударылған. Материал дәлелді медицина қағидаттарын ескере отырып ұсынылған және медициналық мейіргердің практикалық қызметіне қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Оқу құралы «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерге арналған және «Балалар ауруларының пропедевтикасы», «Педиатрия», «Педиатриядағы мейіргер ісі», «Клиникалық мейіргерлік практика» пәндерін оқу аясында пайдалануға, сондай-ақ қосымша оқу әдебиеті ретінде қолдануға ұсынылады.