Өсімдіктердегі тотығу стрессі
Авторы: Әліқұлов З.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Ұсынылып отырған оқулық өсімдіктердің, әсіресе дақылдардың қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырудың ғылыми негіздерімен таныстырады. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары (топырақтың тұздануы, құрғақшылық, шектен тыс температура және т.б.) өсімдіктерде тотығу стрессіне, яғни, жасушадағы маңызды биологиялық макромолекулаларды тотықтыратын, олардың қызметінен айыратын оттегінің белсенді түрлерінің шектен тыс түзілу процестеріне әкеледі. Оқулықта антиоксиданттық жүйенің, оның жоғары және кіші молекулалық компоненттерінің, сондай-ақ олардың жаңа түрлерінің өсімдіктердің тотығу стрессіне төзімділігіндегі рөлі туралы егжей-тегжейлі баяндалады. Бұрын белгісіз өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға төзімділігінің жаңа биохимиялық механизмдері келтірілген. Ұсынылған қолжазба осы саладағы алғашқы оқулық болып табылады. Оқулық өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділі бағытында жоғары білім беретін оқу орындардағы биологиялық және ауылшаруашылық мамандықтарының студенттеріне, магистранттарына және докторанттарына арналған.