Жануарлар биохимиясы

Авторы: Әліқұлов З.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Оқулық жануарлар жасушалары мен ұлпаларындағы биологиялық молекулалардың және олардың жануарлар ағзаларында қызмет істеу ерекшеліктерін қамтитын биохимияның қазіргі мәселелеріне арналған. Оқулықта негізгі биологиялық молекулалар — ақуыздар, ферменттер, нуклеин қышқылдары, көмірсулар және майлардың құрылымдық принциптері мен функциялары терең сипатталады. Оқулыққа биохимияның ең соңғы жетістіктері енгізілген. Бұрынғы оқулықтарда айтылмаған ерекше ақуыздар ̶ амилоидтар және оның өкілдері — приондар туралы алғашқы мәліметтер беріледі. Бүгінгі биохимияның жетістіктерінің нәтижесінде тірі дүниеде жоқ ақуыз молекулаларын жасау мүмкіндіктері туралы айтылады. Транскрипцияға әсер ететін гистон ақуыздарының модификациясына көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, оқулыққа алғаш рет ферменттің транслоказа класы, протеиногенді селеноцистеин амин қышқылы, бауырды залалсыздандыратын молибдоферменттердің ерекше ролі, тотығу стресі және сүттің биохимиясы туралы соңғы мәліметтер енгізілген. Оқулық оқу жоспарына сәйкес студенттерге, сондай-ақ жоғары оқу орындарының магистранттары мен оқытушыларына арналған.