Ибн Синаның буын аурулары туралы ғылыми мұрасының маңыздылығы
Авторы: Абдувалиев А.А., Дауреханов А.А.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Шығыс халқының бай медицина мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және қайта қолданысқа енгізу мәселелері қазіргі кезде өзекті болып отыр. Дәстүрлі медицина тарихын зерттеуі бір жағынан рухани құндылықтарымызды қалпына келтіруге септігін тигізсе, екінші жағынан бай медициналық мұрамызды қазіргі медицинада қолдануға мүмкіншілік туғызады. Сонымен қатар, ХХ ғасыр медицинасында «дәрілік аурулар» деп аталатын үлкен аурулар тобы пайда болды. Бұл жағдай қазіргі медицинның артрология саласында да қатысты. Монографияда шығыстың атақты энциклопедиялық ғалымы Әбу Әли ибн Синаның буын аурулары туралы баға жетпес мұрасы талданып, оның қазіргі артрология үшін маңызы көрсетілген. Монография жалпы тәжірибелік дәрігерлерге, клиникалық фармакологтарға, ғылыми қызметкерлерге және жоғары медицина орынарының студенттеріне ұсынылады.