Мектептегі психологтың қызметі
Авторы: Қарабаева А.С.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Профобразование
Бұл әдістемелік құрал психологтарға, педагогтарға және сынып жетекшілерге арналған психологиялық тренингтер мен жаттығулар жинағын қамтиды. Құралда білім беру үдерісінде тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсатында қолданылатын интерактивті әдістер, диагностикалық тәсілдер, ойын және арттерапия элементтері жүйеленген. Тренингтер қатысушылардың белсенділігін арттыруға, қарым-қатынас мәдениетін дамытуға, өзін-өзі тану мен тұлғалық өсуге ықпал етеді. Сондай-ақ оқу құралы білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыруға, психопрофилактикалық және түзету жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Бұл әдістемелік құрал «Мектептегі психологтың қызметі» пәні бойынша оқу үдерісіне арналған және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы аясында пайдалануға ұсынылады. Құрал практикалық психология саласында жұмыс істейтін мамандарға, болашақ психологтар мен мұғалімдерге пайдалы.