Минералды шикізатты байыту технологиясы
Авторы: Татеева А.Б.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Ұсынылып отырған оқулықта кен және минералдар туралы түсініктер, пайдалы қазбаларды байытудың қажеттілігі, байыту фабрикаларында кендерді өңдеуде қолданылатын негізгі процестер, оларда қолданылатын аппараттар мен жабдықтар, қосымша процестер келтірілген. Жоғары оқу орындарында тәжірибелік дағдыларды арттыру мақсатында зертханалық жұмыстар және орындау әдістемелері берілген. Оқу құралы «Минералды шикізатты байыту технологиясы» пәнін оқитын жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарының студенттеріне арналған, сонымен қатар тау-кен және металлургия өнеркәсібінде жұмыс істейтін инженерлер мен техникалық қызметкерлер үшін пайдалы болады.