Кәсіпорын экономикасы

Авторы: Өмірзақов К., Серікбаев С.К., Қазиева А.Е.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Оқулық «Экономика және бизнес» мамандығының білім беру бағдарламасына сәйкес жазылған және «Кәсіпорын экономикасы» пәнін оқытуда кәсіпорын экономикасының негізгі және базистік түсінік жөнінде көптеген мысалдар келтірілген. Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде кәсіпорындар іс тәжірибесінде кездесетін экономикалық есептер шығару тәсілдері мен студенттердің кәсіби ой-өрісін дамытуға, сондай-ақ өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтауды үйренуге байланысты материалдарға орын берілген. Тәжірибе сабағына арналған бұл ұсынылған құралда: кәсіпорын экономикасын зерттеуге мүмкіндік беретін кәсіпорынның сипаттамасы, өндіріс бағдарламасын болжамдау және жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру түрлері, негізгі қорлар мен өндіріс қуаттылығы, айналым қоры, кәсіпорын кадрлары, еңбекақы төлеу түрлері мен жүйелері, өндіріс шығындары, кәсіпорын жұмысындағы инвестициялық және инновациялық саясатты іске асыру мүмкіндіктері молынан қамтылған. Сонымен қатар, теориялық білімді тәжірибелік іс-әрекетпен үйлестіре білу, олардың қазіргі жағдайдағы өндірістік кәсіпорындарда қолдану тәсілдерін меңгерумен оның мәнін түсіну; Студенттердің экономикалық біліктілігін қалыптастыруға және нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның атқаратын рөлін дұрыс түсіну, экономиканың өркендеу өзегінде қажетті өндіріс факторларын тиімді пайдалана білу және сауатты қолдану дағдысына ие болуды игереді. «Кәсіпорын экономикасы» атаулы оқулық базалық пән ретінде «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша дәріс алатын студенттердің тәжірибелік сабақтарына арналып дайындалған.