Қазақ әңгімесі: дәстүр және жаңашылдық (XX ғасырдың екінші жартысы)

Авторы: Ысқақ Б.Ә.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Монография қазақ әңгімесінің даму тарихына, сол бағыттағы еңбектерге зерттеушілік тұрғыдан келе отырып, әдебиетіміздегі әңгіме жанрының көркемдігін жеткізе алған. З. Қабдоловтың «әңгіменің жанрлық табиғаты құбылмалы» деген пікірінің негізінде жеке тұжырымдаулар жасалып, адам мен табиғат жаратылысының ұқсастығын бейнелейтін Г. Маркес, Э. Хемингуэй тәсілдері қазақ әңгімесінде орныққанын дәлелдеген. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқытылатын докторанттарға, магистранттарға, студенттерге, сондай-ақ әдебиетшілерге, мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде пайдалануға арналған.