Электр станциялары мен қосалқы станциялардың электр жабдықтары
Авторы: Еденова Г.А., Дайырманова Д.С., Айжарыков А.А.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Профобразование
Бұл оқу құралы «Электр жабдықтарын пайдалану негіздері» пәнін оқитын «Электротехника және энергетика» даярлау бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының студенттеріне арналған. Оқу құралы электр жабдықтарының құрылымы, жұмыс істеу принциптері, пайдалану ережелері және техникалық қызмет көрсету ерекшеліктері туралы негізгі теориялық және практикалық мәліметтерді қамтиды. Кітапта электр қауіпсіздігі талаптары, электр машиналары мен аппараттарын пайдалану барысында кездесетін ақауларды анықтау және алдын алу жолдары, өлшеу құралдарын қолдану әдістері жүйелі түрде қарастырылған. Материалдар өндірістік тәжірибеге бағытталып, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадр ретінде даярлануына мүмкіндік береді. Оқу құралы ТжКБ студенттеріне, өндірістік оқыту шеберлеріне және электр жабдықтарын пайдалану саласында білімін жетілдіргісі келетін мамандарға пайдалануға ұсынылады. «Электр жабдықтарын пайдалану негіздері» пәнін оқитын «Электротехника және энергетика» даярлау бағыты бойынша оқитын ТжКБ студенттеріне ұсынылды.