Балалардағы тыныс алу органдарының ауруларына мейірбикелік көмек

Авторы: Байтуганова А.Н., Жаксылыкова Г.А., Құтыбаева Б.С., Салтабаева У.Ш.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Профобразование

Оқу құралында балалардың тыныс алу жүйесінің ең көп таралған ауруларының этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностикасы және емдеу принциптері туралы мәліметтер келтірілген. Мейірбикелік күтімді ұйымдастыруда, баланың жағдайын бағалауда, асқынулардың алдын алуда және ата-аналарды оқытуда мейірбикенің рөлі көрсетілген. Оқу құралы балалардағы тыныс алу органдарының аурулары саласындағы заманауи ғылыми зерттеулер мен клиникалық ұсыныстар негізінде жасалған. Басылым мейірбикенің практикалық қызметі үшін қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Оқу құралы «Мейірбике уход» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын, «Педиатриядағы мейірбикелік күтім», «Балаларға мейірбикелік көмек», «Педиатриядағы шұғыл жағдайлар» пәндерін оқитын студенттерге арналған.