Тіршілік қауіпсіздігі. Радиациялық қауіпсіздік
Авторы: Бисенгалиева А.М., Сайфутдинова Г.С., Нургалиева К.К., Дюсегалиева К.О.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Профобразование
Оқу құралында «радиация» ұғымы және иондаушы, иондаушы емес сәулеленудің түрлері қарастырылады. Ядролық түрлендіру кезінде пайда болатын иондаушы сәулеге ерекше назар аударылады. Радиоактивті ыдыраудың шарттары, дозиметриялық шамалар, әртүрлі сәулеленудің заттармен өзара әрекеттесуі, иондаушы сәулелердің адам ағзасына әсер ету мәселелері баяндалған. Оқу құралы «Радиациялық қауіпсіздік негіздері» пәнін оқитын техникалық бағыттағы колледж студенттеріне, адамдарды иондаушы сәулеленуден қорғау негіздерін оқитын, сондай-ақ радиациялық экология мәселелеріне қызығушылық танытатын оқырмандардың кең ауқымына арналған.