Агроландшафтардың экологиялық орнықтылығы мен тиянақтылығын қамтамасыз етуге арналған экологиялық-мелиоративтік жүргісін негіздеу

Авторы: Раимбекова Б.Т.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Қазіргі кездері әлемде Сырдария өзенінің төменгі саласындағы суару алқаптарына орналасқан агроландшафттық жүйелердің экологиялық маңыздылығын өте төмен деп бағалауға болады, себебі, ол табиғи жүйенің құрылымдық қасиетін жақсартуға және сақтауға бағытталмаған, ал ол керісінше бұзылуға әкеліп соқтырып отыр. Сондықтан, жалпы агроландшафттық жүйелердің тиянақтылық дәрежесін арттыру үшін, оның топырақ жүйенің экологиялық заңдылықтарға сай дамуына мүмкіншілік тудыратын бейімделген ландшафттық егіншілік жүйесін құруды керек етеді. Осы аймақтың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайының орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін күріш егістігімен қатар, малшаруашылығына арнап сүрлемдік жүгері өсімдігін өсірудің агротехникасын ғылыми негізгі сүйеніп жасау қазіргі кезде өзекті мәселелер қатарына жатады. Монографияда Сырдария өзенінің төменгі алабының табиғи, экологиялық, жағдайы және ауылшаруашылық дақылдарын өсіруді топырақ-су, экологиялық тұрғыдан негіздеудің теориялық жүйесі, сүрлемдік жүгерінің биологиялық ерекшеліктері, өзектілігі, басқару мүмкіндіктері мен ұсыныстар қарастырылды. Монография ауылшаруашылығы саласы бойынша экологиялық комитет мамандары, экология мамандығының студенттеріне, сонымен қатар магистранттар мен докторанттарға арналған және жалпы көпшілк қауымға арналған.