Білім берудегі психологиялық қызметтің қызметі

Авторы: Қарабаева А.С.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Оқу-әдістемелік құралы білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен психологтарына арналған психологиялық тренингтер мен жаттығулардың тәжірибеге бағытталған жинағын ұсынады. Онда жеке тұлғаны дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға және оқушылардың өзін-өзі тануын қолдауға бағытталған интерактивті әдістер, арт-терапия элементтері, ойын технологиялары мен диагностикалық құралдар жинақталған. Оқу-әдістемелік құралы психологиялық қызметтің жұмысын тиімді ұйымдастыруға, профилактикалық және түзету бағдарламаларын жүргізуге көмектеседі. «Білім берудегі психологиялық қызметтің қызметі» пәнін оқуда қолдануға ұсынылады және педагогикалық бағыттағы студенттерге де, мектеп психологиясы саласындағы тәжірибешілерге де пайдалы болады.