Жоғары математика. Есептер мен жаттығулар
Авторы: Кожашева Г.О., Өкпебаева Г.Ш.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Оқу құралы университеттердің техникалық мамандықтарында «Жоғары математиканы» оқитын студенттеріне арналған, мазмұны осы мамандықтарға лайық құрастырылған. Жоғары математика пәнінің оқу жоспарында қарастырылатын негізгі тақырыптар қамтылған, оның ішінде сызықтық алгебра элементтері, аналитикалық геометрия, математикалық талдау, дифференциалдық теңдеулер, қатарлар, еселі және беттік интегралдар, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика. Әрбір тақырып бойынша есеп шығаруға қажетті теориялық материал және типтік есептерді шығару үлгілері келтірілген. Студенттер оқу жетістіктерін өздері тексеруге арналған материалдар жеткілікті көлемде берілген. Сонымен қатар, оқу құралы қашықтықтан оқитын студенттерге және осы пән бойынша дәріс беретін оқытушыларға пайдалы болады.