Артбілім берудегі мәдени жады мен ұлттық құндылықтар феномені
Авторы: Балагазова С.Т., Ибраева К.Е., Какимова Л.Ш., Сманова А.С., Омарова Е.О., Султанова Ж.С., Клышбаев Т.Ж.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Электрондық оқу құралында артбілім беру жүйесіндегі көркемдік өнер түрлерінің қалыптасуы мен даму тарихы, теориясы мен практикасы сараланып, көркемдік өнер түрлерінің қолданысы, қызметі, мәдени жады феномені мен ұлттық құндылықтар категорияларының негізінде қарастырылады. Артбілім берудегі пәнаралық тәсіл мен оның жақын мамандықтармен интеграциясы теориялық негізделіп, артбілімнің методологиялық негіздері көрсетіліп, трансдисциплинарлық тәсілдердің тиімді әдістері мен кезеңдері қарастырылады. Электрондық оқу құралы ғылыми қызметкерлерге, PhD докторанттарға, магистранттарға, студенттерге, жоғары оқу орындарының білім алушыларына, мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ жалпы көпшілік қауымға арналады.