Спорт саласындағы жасанды интеллект және деректер аналитикасы
Авторы: Абдрахманов Р.Б., Жумадиллаева А.К., Султан Д.Р.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Оқу құралында спорт саласында жасанды интеллект пен деректер аналитикасын қолданудың теориялық және практикалық негіздері қарастырылады. Спорттық дайындықты басқаруда цифрлық технологияларды қолдану, деректерді жинау және өңдеу әдістері, жүктемені даралау және жарақаттың алдын алу мәселелері ғылыми тұрғыда талданады. Сонымен қатар цифрлық ортадағы әлеуметтік қауіптер, оның ішінде кибербуллингтің спортшылар психологиясына әсері қарастырылады. Бұл оқу құралын «Спорттық-сауықтыру фитнесі» білім беру бағдарламасы бойынша «Спорт саласында жасанды интеллект» пәнін оқыту кезінде пайдалануға болады.Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ спорт саласының мамандарына арналған. Оқу құралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қаржылық қолдауымен «Жасанды интеллекті қолдана отырып, әлеуметтік желілерде жастар арасында кибербуллингті автоматты түрде анықтау» (ЖТН: AP23488900) тақырыбындағы гранттық қаржыландыру жобасы аясында орындалды.