Мал шаруашылығы

Авторы: Омарқожаұлы Н.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Оқулықтың бірінші бөлімінде мал шаруашылығының ғылыми негізі зоотехнияның жалпы малды өсіру, асылдандыру, азықтандыру және бағып-күту ережелері мен талаптары келтіріліп, екінші бөлімінде салаларын жүргізу технологиялары берілген. Үшінші бөлімінде мал шаруашылығы қосалқы салаларын дамыту технологиялары көрсетілген. Бөлімдердің тарауларында мал түліктерін бағытты сұрыптап, жұптап, тұқымдық қасиеттерін жетілдіре өсіру әдістері талданып, генотиптік потенциалын жүзеге асырып, жоғары өнімділігін қамтамасыз ету технологиялары келтірілген. Жоғары оқу орындарының «Мал шаруашылығы» пәнін оқитын «Мал шаруашылығы» және «Зоотехния» мамандықтарының студенттеріне ұсынылады.