Білім берудегі цифрлық технологиялар

Авторы: Ермекова Н.С., Жиембаев Ж.Т., Онгарбаева А.Д.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Оқу құралы негізінен үш тарауды қамтиды, олар: Қазақстанда білім беру жүйесінде цифрлық сауаттылықты қалыптастыру негіздері, цифрлық білім беруді жүзеге асырудың құралдары мен ресурстары және цифрлық сауаттылықты қалыптастырудың технологиялары болып табылады. Әрбір тарауда теориялық негіздемелер келтіріліп, тарау соңында тәжірибелік сабақтарға ұласып, бақылау сұрақтары беріледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелерін ғылыми журналдарда жариялау ережелерімен және т.б. таныстыру. Әр тарау бақылау сұрақтарынан тұрады және олар теориялық материалды толық қамтыған, сонымен бірге, білім алушылардың өз еркімен жұмыс істеулері үшін тапсырмалар берілген. Ұсынылып отырған оқу құралында цифрлық технологияларды кез-келген салаға енгізу бойынша жүргізілетін тәжірибелерге ерекше назар аударылады. «Білім берудегі цифрлық технологиялар» пәнін оқитын «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы жоғары білім беру студенттеріне ұсынылды. Оқу құралы білім беру саласында цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыс істейтін мамандарға, болашақ мұғалімдерге, білім алушыларға, атап айтқанда, педагог кадрларды даярлау саласында жұмыс істейтін бакалаврларға, магистранттарға, докторанттарға және мамандарға пайдалы болады.