Қазақстандық модернизация: халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік осал топтарға қатысты тиімді әлеуметтік саясатты қалыптастыру
Авторы: Байгабылов Н.О., Абетова З.Т., Смағамбет Б.Ж., Кудабеков М.М., Айқынбайқызы А., Турез Ш.А., Завьялова Н.И., Сакенова С.М., Байзакова З.М.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Ұжымдық монография «Жаңа Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: халықтың өмір сүру деңгейін көтеру және әлеуметтік осал топтарға арналған оңтайлы әлеуметтік саясатты қалыптастыру» ИРН AP14869561 жобасының нәтижелеріне негізделген (2022–2024 жж.). Жобаның мақсаты — Қазақстан Республикасындағы халықтың төмен табысы мен өмір сапасы мәселелерін зерттеп, халықтың кедейлік деңгейін бағалау үшін әдістемелік және әдіснамалық құралдар жасап шығару, әлеуметтік саясаттың оңтайлы моделін әзірлеу және осал топтар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету. Ұжымдық монография әлеуметтік және гуманитарлық ғылым өкілдеріне ғана емес, мемлекеттік басқару саласындағы мамандарға және әлеуметтік прогреске қызығушылық танытатындардың барлығына пайдалы болады. Монография материалдарын «Әлеуметтану» білім беру бағдарламасы бойынша «Әлеуметтiк құрылым және әлеуметтiк стратификация», «Экономикалық әлеуметтану», «Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау және талдау», «Қазақстандағы әлеуметтік модернизация» курстары аясында оқу үдерісінде пайдалануға болады.