Қазіргі заман шешендігі: TikTok пен TED арасындағы сөз мәдениеті

Авторы: Ушурова Г.А.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Оқу-әдістемелік құрал қазіргі медиакеңістіктегі ауызша сөйлеу мәдениетінің трансформациясын, сөздің ықпал ету әлеуетін және көпшілік алдында тиімді сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған авторлық бағдарлама негізінде әзірленген. Құрал мазмұнында дәстүрлі қазақ шешендік өнері мен заманауи цифрлық платформалардағы (TikTok, TED, подкаст, блог) сөйлеу үлгілері салыстырмалы тұрғыдан талданаы. Курс барысында білім алушылар қысқа форматтағы бейнесөздің ерекшеліктерін, аудиториямен байланыс орнату тәсілдерін, аргументация мен эмоциялық әсер етудің тілдік құралдарын меңгереді. Сонымен қатар, сөз мәдениеті, тілдік норма, сөйлеу этикасы және жеке спикерлік стиль қалыптастыру мәселелеріне назар аударылады. Практикалық тапсырмалар арқылы студенттердің креативті ойлау қабілеті, өзіндік пікір айту, көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдылары дамытылады. Бағдарлама студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін арттыруға, заманауи медиада қазақ тілін сауатты әрі әсерлі қолдануға үйретуге және болашақ кәсіби қызметінде шешендік шеберлікті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Оқу-әдістемелік құрал шешендік өнерді оқитын «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» жоғары білім беру саласының студенттеріне арналған.