Роллан Сейсенбаевтың шығармашылығы және әлемдік әдеби үрдіс
Авторы: Абдыханов У.К.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Монография — қазақ қостілді жазушы, прозашы, драматург, аудармашы, публицист, аударма ұйымдастырушы, әлем әдебиетін насихаттаушысы – Роллан Шәкенұлы Сейсенбаевтың шығармашылығын зерттеудегі Қазақстандағы алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Монографияда халық пен зиялы қауымның өзара қарым-қатынасы мәселелері ашылып, зияткерлік ортаның белгілі бір бөлігінің адамгершілік ұстанымындағы қайшылықтарының себептері, халықтың жоғары рухани әлемі айқындалады. Сондай-ақ, адам мен қоғамның, тұлға мен билік қарым-қатынасы, жазушының шеберлігі мен жаңашылдығы, оның қазіргі қазақ және әлем әдебиетіндегі орны қарастырылады. Автор Роллан Сейсенбаевтың шығармаларын әлем классиктерінің үздік туындыларымен салыстыра отырып, олардың өзара байланысын анықтайды. Еңбектің құндылығы — оның білім беру және ағартушылық сипатымен айқындалады. Монография оқырмандардың кең ауқымына, білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне, мұғалімдерге, студенттер мен оқушыларға ұсынылады.