Сот медицинасы
Авторы: Сарсембаев Б.Ш.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Ұсынылып отырған оқу құралында Қазақстан Республикасында сот-медициналық сараптамасын ұйымдастыру және оның процессуалдық негіздері, денсаулыққа келтірілген зиян, өлім және өлгеннен кейінгі мәйіттегі өзгерістер; өлікті қарап шығу және оны соттық медициналық зерттеу (сараптама), айғақ заттарды қарау және сараптама жүргізу, жарақат, улану және басқа да денсаулықтың бұзылуларының сот-медициналық диагностикасы, іс материалдары бойынша және медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметіндегі құқық бұзушылықтар жайындағы сот-медицина сараптамасы т.с.с. негізгі сұрақтар қарастырылған. Материалдар тақырып бойынша кеңітіліп берілген мәліметтер, иллюстрациялық суреттер, кестелер және әрбір бөлім бойынша студенттердің білімін тексеруге арналған тест жинақтары түрінде берілген. Сонымен қатар осы оқу құралында сот-медициналық сараптамасын жүргізу кезінде қолданылатын терминдердің түсіндірме сөздері және студенттердің білімін бақылауға арналған сұрақтар тізімі де берілген. Оқу құралы заң және медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарға «Сот медицинасы» пәнін оқитын сондай-ақ оқытушылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, сот-медицина сарапшыларына арналған.