Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тұрмыс-тіршілік атауларының лингвомәдени сипаты

Авторы: Махмутова М.Ж.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Тұрмыс-тіршілік атауларын рухани мәдениет көріністері арқылы ұлттың танымдық тәжірибесімен сабақтастыра отырып, жүйелі түрде қарастырудың қажеттілігі де осы жұмыстың өзектілігін айғақтайды. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: тұрмыс-тіршілік атаулары лингвомәдени зерттеудің обьектісі ретінде «ұлттық тіл мен дүниетаным бірлігі» қағидасы негізінде қарастырылды; Ә. Кекілбаев шығармала-рындағы ұлттық тұрмыс-тіршілік атауларын зерттеу ерекшелігі лингвомәдени тұрғыдан теориялық — әдістемелік негізделді; Ә. Кекілбаев шығармаларындағы салт-дәстүр мен дүниетанымға байланысты тұрмыс-тіршілік атауларының лингвомәдени маңызы мен мәні айқындалды. Бұл ғылыми еңбек жоғары оқу орындарының — филология факульетінің студенттеріне сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, география пәні мұғалімдеріне және өлкетанушыларға арналады.